#БізБіргеміз » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2020

#БізБіргеміз

Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деп ұлтымыздан шыққан ұлы Абай атамыз айтпақшы,шынында да ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ұстаз – деген ұлы тұлға. Ұстаз -біздің екінші анамыз. Ал, сынып жетекшіміз - сынып анасы. Сынып жетекші -ол тек білім теңізінде жүзетін кеменің капитаны ғана емес, ол оқушының жүрегінен орын ала білетін, әр ата-анамен тіл табыса алатын ұлы тұлға. Міне, мектеп өмірінде оқушының мәңгі ойында қалатын ұлылардың ұлысы, аналардың анасы - осы сынып жетекші. Сынып жетекші - саған ең ыстық көрінетін ұстаз. Сынып жетекшің жаныңда болса, өзіңді қамқоршың, қорғаның бардай сезінесің. Ал біздің сондай қамқоршымыз - Көбеева Фарида Үшкемпірқызы. Ол қашан көрсең, сыныбы үшін құрақ ұшып, жүгіріп жүреді. Сынып жетекшіміз бізге "Мынау бала ғой" деп қарамайды, керісінше," сендер бала емессіңдер, азаматсыңдар,сендер Отан алдында, ата-аналарыңның алдында тәрбиелі,білімді,саналы болуға борыштарсыңдар" деп біздің қайратымызды жани түседі.
Фарида Үшкемпірқызы әрбір тәрбие сабағында бізді туған тілімізді,елімізді,салт-дәстүрімізді,табиғатымызды,ата-анамыз бен достарымызды,жалпы адамзатты құрметтеп ,сыйлауға үйретеді.Ол кісінің санамызға тәрбие нұрын құя сөйлеген сөзінен, тыным таппайтын іс-әрекетінен,балаға деген мейірімділігінен біз өзімізге үлгі аламыз. Біздің ұстазымыздан үйренгеніміз де,үйренеріміз де көп.Әрбір баланың көңілін таба білетін,жабықсақ,демеу болатын,қуансақ,ортақтасатын ұстазымызбен біз әрдайым мақтанамыз. Шәкірттік өмірде осындай ұстаздың алдын көргенімізге өте қуаныштымыз.Ұстазымыз, сынып жетекшіміз, екінші анамыз-Фарида Үшкемпірқызына мың алғыс!