17
апрель
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
Қашықтықтан оқытудың алғашқы онкүндігін де артқа тастадық. Осы он күн ішінде ұстаздардың, оқушылар мен ата-аналардың бойында, әсіресе, осындай қиын кезеңде, жаңа жүйеге қорқынышпен қадам басқанымыз рас. Мен нұсқаулық бойынша қашықтықтан оқыту үрдісінде кедергілерден шығу мақсатында бар мүмкіндіктерді пайдаланудамын. Оқушыларымыз "Balapan" телеарнасындағы бейнесабақтардан білім алуда. Әр ұстаз өз мүмкіндігіне сай сабақ жүргізуде. Мен WhatsApp желісі арқылы тапсырмалар беріп, байланыс жасаудамын. Оқушылардың да сабаққа деген қызығушылықтары күннен күнге артып келеді. Бұл орын алған жағдайларға ата-аналар да түсіністікпен қарап, өз балаларының барынша жағдайын жасап, перзенттерінің қашықтықтан білім алуын мүмкіндігінше қолдауда.
Ұстаздарға үлкен сеніммен қараған БҒМ Аймағамбетов Асхат Қанатұлына және мектебіміздің әкімшілігіне осындай кезеңде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіремін.
Айшабибі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектасова Әсем Саинқызы