23
апрель
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жағдайға байланысты төртінші тоқсанды барлық қазақстандық мектептер қашықтан оқытып бастады. Бәріміз үшін бұл - үлкен сын, бірінші рет осындай форматта білім беріп жатырмыз. Бастапқы да бұл жүйені меңгеруде аздап қиындықтар болғаны рас, бірақ уақыт өте келе бәріне де үйреніп жатырмыз. Осындай кезеңде ата-аналардың мұғалімдерге жолдап жатқан жылы лебіздері, оқушылардың сабаққа деген ынталары бізді қуанышқа бөлейді.
Мен қашықтықтан оқыту барысында "WhatsApp"," Kundelik kz", "Bilimland", "Daryn online" желілерін қолданамын. "WhatsApp" желісі арқылы оқушыларға тапсырма беріп, олардың орындалуын тексеріп отырамын. Оқушылар бейнесабақтарды және слайдтарды көріп, жаңа тақырыптарды өте жақсы түсінуде. Қашықтықтан оқыту барысында 5, 7 сынып қыздары көркем еңбек пәні бойынша тәтті тағамдар пісіріп үйренуде.
Қазіргі таңда Айшабибі орта мектебінің ұлағатты ұстаздары оқушылардың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, тер төгуде. Осындай кезеңде бір-бірімізге көмек қолын созып, демеу болайық. Осылайша біз бұл қиындықты да еңсереміз. Біз біргеміз! Біз үйдеміз!
Айшабибі орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Көбеева Фарида Үшкемпірқызы
https://www.facebook.com/100038444211871/videos/221666509124821/