«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2025-2026 оқу жылында атқарған жұмысының есебі
Посмотреть онлайн файл: adal-azamat-2025-2026-ou-zhylyny-eseb.pdf
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының
2025-2026 оқу жылында атқарған жұмысының есебі
2025–2026 оқу жылында мектептегі тәрбие жұмыстары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, адал, еңбекқор, білімді, жауапты, отаншыл және заңға құрметпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеу болды.
Оқу жылының басында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие саласына қатысты нормативтік құжаттары педагогикалық ұжымға таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтарына сәйкес мектептің тәрбие жұмысының жылдық жоспары әзірленіп, бекітілді. Сынып жетекшілерінің тәрбие жоспарлары сараланып, әдістемелік көмек көрсетілді. Мектеп дәлізіне «Адал азамат» брендбук талаптарына сәйкес ақпараттық бұрыштар жаңартылып, орналастырылды.
Жылдық жоспарға сәйкес тәрбие жұмыстары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарын: Тәуелсіздік және Отаншылдық, Заң және Тәртіп, Бірлік пен Ынтымақ, Әділдік пен Жауапкершілік, Еңбекқорлық пен Кәсіби біліктілік, Жасампаздық пен Жаңашылдық қамти отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, құқықтық, еңбек, экологиялық және дене тәрбиесін қалыптастыру бағытында көптеген іс-шаралар өткізілді. Аталған барлық бағыттар бойынша жоспарға сәйкес және жоспардан тыс 100-ден астам мектепішілік, аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізілді.
Сынып сағаттарына тоқталсақ: Жыл бойы жоспар бойынша 1 сыныптарда -33, 2-11 сынып аралғында 34 негізгі сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттарында негізінен
- Отбасы құндылықтары;
- Буллингтің алдын алу;
- Еңбек тәрбиесі;
- Адалдық және академиялық адалдық;
- Қаржылық сауаттылық;
- Заң және тәртіп;
- Салауатты өмір салты;
- Тәуелсіздік және патриотизм;
- Алғыс айту;
- Қоғамдық мүлікті қорғау;
- Атаулы даталар;
- Мереке күндері;
- Ерлік пен батырлық тақырыптары қамтылды.