#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
24
апрель
2020

#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау маңызды. Алайда,мектеп ұжымы жағдайға қарамастан еңбек етіп, оқушы және ата-анамен байланысын үзген жоқ. Мен қашықтықтан оқыту барысында «WhatsApp», «Youtube» желілерін қолданамын. «WhatsApp» желісі арқылы жаңа сабақты түсіндіріп, тапсырмаларымды беремін, «Youtube» желісіндегі тақырыпқа байланысты әртүрлі видеоларды жіберу арқылы оқушыларымның қызығушылығын арттырамын. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы, ата-аналардың алғысы мен шексіз лебіздері шабытымызды одан әрі арттыра түседі. Өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты деп ойлаймын. 
Жүректегі ақыл, білектегі күш, ынта мен жігерді қоса ұстасақ, бар қиындықты жеңеміз. Бүгінгі қиындықтан да өтеміз. Аман болайық!#BizBirgemiz

Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маманова Зауре Айтмұратқызы