#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
16
апрель
2020

#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

Мұғалім – басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі басты міндет, ең құнды әрі маңызды мәселе – еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» десе, Абылай хан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеген екен. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек. Қазіргі уақытта әлемде, елімізде болып жатқан жағдай кімге болса да оңай тиіп жатпағаны белгілі, "COVID-19" індетіне байланысты білім беру үдерісі қашықтықтан жүзеге асырылуда. Əрқашан да алдыңғы шепте тұратын, қызығы мен қиыны қатар жүретін ұлы мамандық иелері - ұстаздар қауымы өздерінің шəкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбиесін қашықтан беруде.
Білім беру үдерісінің мазмұнды да тиімді болуы үшін "Еларна", "Балапан" телеарналарынан ұйымдастырылған сабақтар, білім беру платформалары, барлығы да оқушы мен мұғалімге жасалып жатқан қолдау деп білеміз. Білім беруді тоқтатпай, ұстаздарға үлкен сенім артқан министріміз Асхат Аймағанбетовтың еңбегі ерлікпен пара-пар. «Жалпы, Қазақстанның таңдаған тәсілдері, телесабақтар мен радиосабақтарды пайдалануды қоса алғанда, біздің ұсыныстарымызбен сәйкес келеді. Өйткені, ең маңыздысы – қиын жағдайларда барлық оқушылардың білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Білімді ұрпақ- кемел келешектің кепілі. Сол ұрпақтың білімді болуы, біздер, ұстаздарға байланысты. Қандай жағдай болмасын, болашақ үшін тер төгіп, шəкірттерін бар жанымен сүйетін ұстаздар қауымының еңбегі еленіп, шығармашылық табысы арта берсін!
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің мұғалімдері ата-аналарға жан-жақты қолдау көрсетіп, оқушыларын мазмұнды біліммен сусындатуда. Осы жұмысты дұрыс ұйымдастыруға басшылық жасаған мектеп әкімшілігі мен жұдырықтай жұмылып жұмыс жасап жатқан ұстаздарымызға алғысым шексіз...
Айшабибі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Аязбекова Сәндікүл Барзуқызы.
​​​