07
май
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

Жеңіс күнінің 75 жылдығына орай елімізде тағы бір маңызды құжатқа қол қойылып, батыр аталарымыздың еңбегіне ерекше алғыс білдіруге жағдай жасалды. Кез келген ұрыс даласы адам өмірінде із қалдырып, алдағы бейбіт өмірінің өзі ауыр естеліктер мен алған жарақатының жанға батуымен өтері сөзсіз. Осы жағдайлардың барлығын ескеріп, заң аясында қолдау көрсеткен мемлекет басшысына алғысым шексіз. Қабылданған заң ел басына күн туғанда ел қорғау, еңбек істеріне араласқан әрбір ардагердің және олардың отбасыларының әлеуметтік жағдайын көтеру мен қоғам алдындағы абыройын арттыруға бағытталған.
Заң - мен үшін бұлжымас қағида, ұстаным. Әсіресе, бұл заң менің еркіндігім мен бейбітшілігімнің негізін қалаушы болса. Отан үшін отқа түскен ардагерлерімізге алғысымды білдіре отырып, қабылданған заңның ел үшін, кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге мен мақтаныш екендігін айта аламын.
Айшабибі орта мектебінің мұғалімі Сагиндыков Меирлан Нурланович