28
апрель
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
«Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!» - деген үндеумен, сәуір айының 27 күні жарық көрген, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі барша жұртты селт еткізіп, ой тастағаны сөзсіз. Індеттің Қазақстанда кең жайылып кету қаупінің алдын алып, тиісті шараларды дер кезінде қабылдаған мемлекет басшысының кемел саясатының арқасында, еліміз ауыр дағдарыс пен адам шығынының қарқынды өсу қаупінің алдын алды.
Мәлімдемеде мемлекет басшысы карантин режимін ұзарту арқылы, еліміздің басты құндылығы - адам мен оның денсаулығын сақтаудың өзекті мәселе екендігін ескертті. «Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» - деген уәдесі негізсіз емес. Төтенше жағдай жарияланған күннен бері мемлекет тарапынан халыққа көптеген көмек көрсетіліп, індетке қатысты ақпарат әлеуметтік желілер мен баспасөз құралдары арқылы ашық жарияланды. Мұның барлығын біз көріп, біліп, хабардар болып отырмыз. Мемлекет басшысының жүргізген ашық саясаты халық арасында дақбырт әңгіме мен үрей тудыру қаупінің алдын алуда зор рөль атқаруда.
Карантин режимінде қашықтан жұмыс істеу алғашқыда әр сала маманы үшін қиынға түсті. Бірақ, үкіметтің жұмыла жасаған жұмысының арқасында салалар бойынша жұмыс порталдары ашылды. Осы порталдар арқылы әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, медициналық , білім саласындағы құжаттарды жүргізу мен өтініш беру үшін халыққа жағдай жасалды.
Сөз соңында мемлекет басшасы төтенше жағдайда аянбай еңбек етіп жүрген медицина, әскери, ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне, еріктілерге және тілшілерге алғысын білдірді. Өз тарпымнан осындай қиын-қыстау кезде ел бірлігі мен денсаулығына алаңдаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа және қазірге таңда өз қызметтерінің талабына сай жұмыс істеп жүрген мамандарға барша педагогтер атынан алғысымды білдіремін. «Береке көзі-бірлікте» -демекші, біз тек үйде отыру арқылы өзімізді де, халықты да аты жаман аурудан сақтап қала аламыз. Біз біргеміз, ажырамас іргеміз!
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айшабибі орта мектебінің директорыБахыт Шертаева