05
сентябрь
2020
2020 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауын түсіндіру
2020 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауы: "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі" деп аталуы, елімізде жер - жаһанға зор қауіп төндірген пандемия кезінде, ынтымағы жарасқан халқымыздың, асыл қасиеттерінің арқасында індетпен күрес жүзеге асқанын атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысы: дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге, бей - жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғысын білдірді. Қазіргі кезде басты міндет - әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу екенінде атап айтты. Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жыл уақыт керек екенін сарапшылар айтуда. Ғылым саласында халықаралық тәжірибеге арқа сүйей отырып, "Жас ғалым " жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Сонымен қатар қазіргі міндет - халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді және жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу, кез - келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырғаны дұрыс екенін, темірдей тәртіп, жоғары жауапкершілік, адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық болған жағдайда ғана бәсекеге қабілетті мемдекет, зияткер ұлт қалыптастыра алатынымыз белгілі. Ол үшін біздің елімізде "жауапты мемлекет - жауапты қоғам - жауапты адам" жүйесі берік орнығуы керек екенін Мемлекет басшысы нақтылап айтты.
Айшабибі орта мектебінің директоры Шертаева Бахыт Рахымжанқызы