21
январь
2020
Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы 9.01.2020 жылы жарияланды. Мақалада президент ой саларлық мәселелерді қозғап, Ұлы Абайдың көрегендігі мен данышпандығын тиек етіп, әр айтылған сөзіне дәлел мен дәйекті нақты көрсетіп бергендігі қуантты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер" деген сөзінің осы мақалаға дәйек болғаны рас.
"Ғылым таппай мақтанба", "Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз", "Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге" деген тұжырымдары осы кезеңнің басты мәселесі білім мен ғылымды дамыту қажеттілігін анық сілтегендей. Осы салаларды дамыту үшін "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануын қолдап, мақұлдағандай көрінді маған. Ал "Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды" деген тұжарымдамасы үш тілділік саясаттың маңыздылығын еш сипаттаусыз ашып тұрғандай.
Қ.Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы сол кездері болған және әлі де жалғасып келе жатқан өзекті мәселе билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог құру қажеттілігін айтып қойғандай. "Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды", "Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ" деген сөздер осының бірден-бір дәлелі.
Абайдың даналығы мен президентіміздің парасаттылығына сөз жоқ, бірақ осы мақаладан кейін XIX ғасыр мен XXI ғасырдың, екі кезеңнің адамдарының ой-өрісі мен ортақ мәселелерді анықтай білу парасаттылығына таң қалдым. Мақала өте құнды теңеулер мен идеяларға, жоспар мен мақсатқа толы, "Мал жұтайды,өнер жұтамайды" деген қара сөздегі үзіндіні ұстансақ жоспарды бірігіп іске асырарымыз сөзсіз. Мен бұл тек жай мақала емес Абайдың кейінгі ұрпаққа тастап кеткен аманаты деп білемін. Ал аманатқа қиянат жасамау қазақ халқы үшін серт. Аталмыш мақала Айшабибі орта мектебінің ұжымына да ой салып, маңыздылығы жете талқыланды. Осы орайда мақаланы насихаттау мен іске асыру мақсатында іс-жоспар жасалып, жұмыстар жүргізу қолға алынды.