11
май
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

Бүгін,11 мамыр күні бүкіл әлем аумағында төтенше жағдай режимі аяқталды,кейбір жерлерде әлі де болса індет толығымен жойылып біткен жоқ. Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болмады. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр. Әйтсе де, індеттің шарықтау шегінен өттік.Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды.
Карантиндік шектеулер әр өңірде біртіндеп алынады, соған қармастан көптеген саланың қызметі біртіндеп қалпына келе бастады.Еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, білім орталықтарының қызметтері қайта жанданады, жолаушыларға арналған әуе тасымалының қызметі қайта қалпына келеді делінген. Дегенмен, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн. Мемлекет басшысы еліміздің тыныштығы үшін еңбек етуде, "Біз біргеміз" жобасы аясында Қазақстан азаматтары сақтық шараларын дұрыс қолдансақ, бұл күрделі кезеңді де жеңеміз деп білемін.
Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Маманова Сауле Айтмұратқызы