20
апрель
2020
"ЗЕРДЕ" шығармашылық тобының жұмысы
Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Осы үрдісті қолға ала отырып *18 сәуір* күні Айшабибі орта мектебінің "ЗЕРДЕ" шығармашылық тобы *"Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер"* тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар WhatsApp желісінің аясында өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер видеоролик түрінде жасалып, сапасы жақсы сақталуы үшін YouTube каналына жүктелді. Дайындалған видеороликтер сілтемелер арқылы мектеп ұжымының чатына салынып, ұстаздардың көріп-тамашалауына мүмкіндік жасалды. Вебинар соңында кері байланыс алынып, нәтиже жасалып, "ЗЕРДЕ" шығармашылық тобының жұмысы жоғары бағаланды. https://www.facebook.com/100038444211871/videos/219319292692876/
https://www.facebook.com/100038444211871/videos/219319652692840/
https://www.facebook.com/100038444211871/videos/219319579359514/
https://www.facebook.com/100038444211871/videos/219319332692872/
https://www.facebook.com/100038444211871/videos/219319652692840/
https://www.facebook.com/100038444211871/videos/219319579359514/
https://www.facebook.com/100038444211871/videos/219319332692872/