Айшабибі орта мектебі » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айшабибі орта мектебі
01
сентябрь
2023

Айшабибі орта мектебі

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды.
Президенттің әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді. Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде, білім беру саласына қатысты. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратыны жайлы атап өтті.
Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанын мәлімдеді.
Жолдауды қолдау - әрбір азаматтың парызы. Жолдауға қолдау көрсете отырып, білім беру саласында сапалы қызмет атқаруға барымызды саламыз.