#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » #ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
06
май
2020

#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

​​​Қашықтықтан оқыту барысында ұстаздар мен оқушыларға алғашында біраз көңілге күдік ұялатқаны рас. Бірақ, сол бір үрейге қарамастан біз бәріміз бірге бұл қиындықтан да өтіп келеміз. 
Қашықтықтан оқыту-бұл мұғалімнің біліктілігін көтеретініне, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастыратынына, ата-аналардың жаңа оқу үлгісіне деген көзқарастарын өзгертетініне көзіміз жетті. Мен үйде оқитын оқушыларға қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша жаратылыстану пәндерінен сабақ беремін. Балаларға ыңғайлы WhatsApp желісінде тапсырмалар беріп, кері байланыс алып отырамын. Осы уақыт аралығында оқушылар тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, бейне жазбаларға да сілтемені қоса алатын болды. 
Балалар "Өсімдіктер систематикасы" тақырыптарында гүлдердің кеппешөптерін әзірлеп, "Туған өлке" тақырыптарында суреттер салып өз туындыларын жіберіп отырады. Берілген тапсырмаларды уақтылы орындап, үлкен жауапкершілікпен белсенді түрде сабаққа қатысады. Сабаққа деген ынталары, қызығушылықтары басым. YouTube желісі арқылы да жіберілген жазбаларды көріп, пікір алмасып, ой бөліседі. Әрбір сабақтың қызық та жұмбақ қырларын оқыған сайын білсем, көрсем деген құлшыныстарымен оқушыларым жаратылыстану пәнін апта сайын асыға күтеді. 
Кемел келешектің ертеңі -білімді жас ұрпақ! Жалындаған жастарымыздың болашағына сенім артамын!
Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің жаратылыстану пәнінің мұғалімі Даурбекова Алия Онгарбаевна