21
апрель
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
Елімізде төтенше жағдай жарияланып, сын сағатта барлық мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді.Алғашында жаңа жүйені меңгеруде қиындықтар туындағаны рас, алайда осы қиындықтарды жеңу үшін жаңаша оқуды бастап кеттік. Бұл орайда ата-аналар да түсіністікпен қарап балаларының білім алуына барынша мүмкіндіктер жасап берді.
Ата -аналардың ыстық ықыластары,алғыстары ұстаздар қауымын шабыттандырып, педагог мәртебесін одан әрі көтеріп тастады. Осы үш аптаның ішінде ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар арасында тығыз ынтымақтастық орнатылды.
Қашықтықтан оқуды ұйымдастыруда "Bilimlang", "Darun online" "Kundelik.kz" платформалары мұғалім мен оқушыға жасалып жатқан қолдау деп білемін. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратын тапсырмаларды WhatsApp желісі арқылы берудемін. Оқушылар берілген тапсырмаларды жылдам, ұқыпты орындауда.
Бұл төтенше жағдайдың уақытша екендігін ескере отырып, ата-аналарды сабырлылыққа шақырып, шәкірттерімізге сенім артып, тек білімге ғана емес, бойымыздағы бар мейірім-шапағатымызды аямай, қамқорлықтың шуағына бөлейік!
Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимбаева Клара Расулбердиевна.