22
июль
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігі 1424 Бірыңғай Call-орталығының қызметін насихаттауға бағытталған «1424-Сенің дауысың!» ақпараттық акциясын жүзеге асыруда. Аталған акцияның негізгі мақсаты – аудан, облыс тұрғындары арасында 1424 Бірыңғай Call-орталығының қызметі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау.