#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » #ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
23
апрель
2020

#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

Қашықтықтан оқыту, әрине, барлығымызға оңайға соққан жоқ. Бұрын-соңды болмаған білім беру жүйесін осылайша қолға алып отырмыз. Дегенмен де, қашықтықтан жұмыс жасауда педагогтардың жинақтаған тәжірибесі жоқ болса да, мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстары, электронды оқулықтар, электронды журнал жүйелерімен таңсық емес. Қазіргі уақытта мұғалімдердің де жұмысы көбейді. Сондықтан оқушылар мен ата- аналар да түсіністікпен қарап, өз үлестерін қосуда. Сын сағатта үштік одақ бірлесіп, қашықтықтан оқытуды нәтижелі, абыроймен жүзеге асырып келеміз. Ағылшын тілі пәнін қашықтықтан оқыту барысында түрлі платформаларды пайдаланып келемін. Соның ішінде BilimLand, Kundelik kz, WhatsApp желілерін қолданамын. Бұл білім алушыларға және оқытушыларға да тиімді. Білім алушылар бейнесабақтарды көріп, тапсырмаларды орындайды. Сабақ беру барысында ешқандай қиындықтар болып жатқан жоқ. Үштік одақ бірлесіп, сын сағатты бірге абыроймен жүзеге асыратынымызға сенемін.
Айшабибі орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Иткулова Дарига Бекбосынкуловна