Жомарт түлек жобасы аясында Бекзадаев Ильяс Асимұлымен танымды сұхбат » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жомарт түлек жобасы аясында Бекзадаев Ильяс Асимұлымен танымды сұхбат
29
октябрь
2021

Жомарт түлек жобасы аясында Бекзадаев Ильяс Асимұлымен танымды сұхбат

Жомарт түлек жобасы бастау алғалы, еліміздің абыройын асқақтатып, Әлемге Қазақстанды паш етіп, ауданымыздың  мәртебесін көтеріп  жүрген тұлғалардың көп екеніне куә болып келеміз. Жамбыл ауданы Ю.Гагарин лицейінде, “ Түлектер орталығында” Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің түлегі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионы - Бекзадаев Ильяс Асимұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында даңқты спортшы әрі бапкер білім алушыларға өзінің өмірі және түрлі сайыстардағы жеңістері туралы айтты. Және де білім алушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырды, қазіргі жастардың алғырлығы мен патриоттық сезімі жоғары екенін атап өтті,өзінің өмір жолындағы белестерімен және тұлға болып қалыптасу жолындағы қағидаларымен бөлісті. 
Кездесуге  қатысқан білім алушылар сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, Бекзадаев Ильяс Асимұлымен танымды сұхбат жүргізді. 
«Спортшы алақанға тас батпапты,
Додада топты жарып, бас боп қапты.
Жеңіске желдей жеткен Ильяс спортшы,
Елімнің Әнұранын асқақтатты.
Елімнің ойсырамай ұлы арманы,
Алла деп атқа қонды қос ұланы,
Аспанға көк байрақты желбіретті,
Ильяс пен Нияз атты қырандары.
Жамбыл жерін жеңісімен суарған,
Айшабибі ауылынан нәр алған,
Жас спортшы Ильяс бала атанып,
Ауданыма чемпион болып оралған»,- деп, білім алушылар сиясы  кеппеген жыр жолдарын арнап, спортшыға алдағы жарыстарын сәттілік тіледі.
Кездесу соңында білім алушылар спортшымен естелікке суретке түсті.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3D573640330594102%26id%3D100038444211871&show_text=true&width=500" width="500" height="473" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>