Айшабибі орта мектебінде “Жетістіктің тарихы” тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Айшабибі орта мектебінде “Жетістіктің тарихы” тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
29
сентябрь
2021

Айшабибі орта мектебінде “Жетістіктің тарихы” тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

“Ұлы дала өркениеттері” атты орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін байқауға Айшабибі орта  мектебінде “Жетістіктің тарихы” тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.  
Байқаудың мақсаты: жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тарту.
Іс-шараға Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің директоры Б.Р.Шертаева, Айшабибі орта мектебінің түлегі, Халықаралық спорт шебері, Әлем чемпионы И.А.Бекзадаев, Айшабибі орта мектебінің ұжымы, белсенді жастар және жоғары сынып білім алушылары қатысты.
Дәріс сабағы барысында даңқты спортшы әрі бапкер білім алушыларға өзінің өмірі және түрлі сайыстардағы жеңістері туралы айтты. Және де білім алушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырды, қазіргі жастардың алғырлығы мен патриоттық сезімі жоғары екенін атап өтті.
Дәріске қатысқан белсенді жастар мен білім алушылар сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, Бекзадаев Ильяс Асимұлымен танымды сұхбат жүргізді. Білім алушылар арасынан спортшыға арнап, 9 «Ә» сынып білім алушысы Айдаралы Алина «Жақсы адамдар» термесін, ал, 8 «Ә» сынып білім алушысы Айдаралиева Анель жас спортшыға арнаған, өз шығармашылығынан:
«Спортшы алақанға тас батпапты,
Додада топты жарып, бас боп қапты.
Жеңіске желдей жеткен Ильяс ағам,
Елімнің Әнұранын асқақтатты.
Елімнің ойсырамай ұлы арманы,
Алла деп атқа қонды қос ұланы,
Аспанға көк байрақты желбіретті,
Ильяс пен Нияз атты қырандары.
Жамбыл жерін жеңісімен суарған,
Айшабибі ауылынан нәр алған,
Жас спортшы Ильяс бала атанып,
Мектебіме чемпион болып оралған»,-  деп, сиясы  кеппеген жыр жолдарын арнап, спортшыға алдағы жарыстарын сәттілік тіледі.
Дәріс сабағынан соң білім алушылар спортшымен естелікке суретке түсті. #ұлыдалаөркениеттері