#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » #ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
11
май
2020

#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

​​​Еліміздегі төтенше жағдайдың қиындықтарына қарамастан білім саласының жұмысы жалғасуда. Осы жағдайдағы жаңа тоқсан білім алушылар мен ата-аналары, сондай-ақ, біз үшін үлкен бір қадам болды. Бұл ненің дәлелі?
Білім ешқашан бір орында тұрмайды. Қашықтықтан оқыта отырып, мұғалім мен білім алушының арасында белсенді нәтижелі жұмыстар болып жатты. Бастысы білім алушыға мұғалімнің берген білімінің жетуі. Әрбір ұстаз өз шәкіртіне білім беруде барлық амалдарды қолданады. Қазіргі кездегі қашықтықтан оқыту барысы оқушыларды білім алуға одан әрі қызығушылығын оятуда. Себебі қазір технология заманы, қазіргі балалар да білімді қашықтықтан алуға қызығушылықтары өте мықты. Мұғалім мен білім алушының арасында тығыз байланыс жүрсе, демек бұл мұғалімнің білікті, тәжірибесі мол екендігін білдіреді.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айшабибі орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімдері Қасымова Зейнеш Жұматайқызы және Отаева Гүлнұр Ергенбайқызы