06
май
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Қашықтықтан оқыту барысында "Өлкетану" және "Мәңгілік ел" таңдау курстары тиісті деңгейде өтуде. Білім алушылармен WhatsApp желісі арқылы байланыс жасаудамын. Сабақ барысында презентациялар, видеороликтер қолданамын. Білім алушылар кері байланыс беру арқылы тақырыпты меңгеру деңгейін көрсетіп отырады.
«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қоғамда мықты, білігі жоғары, жаңашыл ұстаздардың болуы – өмір талабы. Жас ұрпақты оқытуда, білім алушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Қазіргі талап – білім алушыларды ойландыру, сезіндіру, ақпараттық құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп, оқуға баулу.
Айшабибі орта мектебінің география пән мұғалімі Нұрманалиева Зауре Асанқызы