20
сентябрь
2020
2020 жыл 19 тамыз педагогикалық кеңес
2020 жылдың 19 тамызында Айшабибі орта мектебінде қашықтан алдын ала мұғалімдерге сілтемелер жіберілу арқылы педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері туралы педагогтерді хабардар ету
Қатысушылар: әкімшілік, педагогтер.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 11-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
6) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?
Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Б. Шертаева ашты.Педагогтерге күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша республикалық педагогикалық кеңестің тұжырымдамасы негізінде нақты мәліметтер берілді.