#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » #ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
28
апрель
2020

#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

​​​Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану - заман талабы екені айқын. Алайда, індетке байланысты қашықтан оқыту жүйесіне жедел көшкенімізге де біраз уақыт болды. Аптасына бір рет болатын "Абайтану" үйірме сабағының қашықтан өткізілуі туралы өз тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім. Білім алушылардың өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын WhatsApp мессенджері арқылы ұсынудамын. Әрбір сабақта қашықтан сабақ өту алгоритмін түземін.Үзінді жазылған сілтемелер жібергенде, оқушылар тақырып туралы мәлімет пен өз пікірлерін қоса жолдайды. Поэмалардан суреттер көріп, өз тұжырымдарын зерделейді. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында қосымша аудионұсқалар мен кітап аттары және ғаламтордан іздейтін деректер туралы сілтемелер жіберемін. Оқушы оқу материалдарын өз қолжетімділігіне қарай қамтамасыз етеді. Сабақ соңында алған әсерлерін пікір немесе ұсыныс арқылы кері байланыс жасайды.
Негізі, үйірме сабақтарының мақсаты - терең ойлайтын тұлға қалыптастыру болғандықтан, әр сабақта қосымша әдебиеттер беріп, оқушылардың оқуын қамтамасыз ету қажет. Ол үштіктің, яғни мұғалім - оқушы - ата-ана құзырында. Қашықтан оқыту кезінде де осы мәселені алғышарт етіп алу тиімді болатыны сөзсіз.
Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раймбекова Құралай Кеңсебайқызы