#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » #ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
29
апрель
2020

#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога

​​​Елімізде төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан білім алу бағдарламасы жүйеге еніп отыр. Осы тұста барлық жеткіншектер мен оқушыларға білім нәрін сеуіп жүрген ұстаздар қауымы да бұл жағдайға үйренді. Барша жұрт "Covid-19" індетімен күресіп жатыр. Біз, "Біз біргеміз! Біз уйдеміз!" үндеуімен қашықтықтан білім беріп келеміз. Оқушылардың "Өзін-өзін тану" пәніне деген қөзқарастары, сабаққа деген ұмтылыстары, қызығушылықтары күн санап арта түсуде.
Денсаулық-зор байлық!-деп бекер айтылмаса керек. Дені сау адамның жаны да сау, тәні де сау.
Мен өзімнің осы сабағым арқылы балаларды қашықтықтан оқыта жүріп, оқушыларға тазалық туралы ұғымдарды үйретудемін.
Оқушылармен де, олардың ата-аналарымен де тығыз байланыс орнатып, "WhatsАрр" желісі арқылы білім берудемін.
"Дені сау ұрпақ-ертеңнің келешегі. Олай болса,бәріміз бірігіп, тазалықты сақтай отырып бұл қиындықты да жеңеміз деген үміттемін.
Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің өзін-өзі тану пән мұғалімі
Сарсембаева Фариза Кенжебекқызы