#ПедагогКүнделігі » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #ПедагогКүнделігі
15
апрель
2020

#ПедагогКүнделігі

"Коронавирус- әлемдік пандемия"деп табылғаннан кейін, елімізде карантин жарияланғаны, оқудың бәрі қашықтықтан өтетіні жайлы бәрімізге белгілі."Қашықтықтан оқыту қалай болар екен?"-деген сұрақ әрбір ұстазды мазалағандай, мен де толғандым. Жан-жақтан әртүрлі бағдарламаларды қолдану керек деген сияқты әңгімелер тарады. Ал менің ойым тек WhatsApp мессенджерін пайдалану болды. Өйткені,ата-анаға да,оқушыға да, мұғалімдерге де түсінікті әрі қолданыстағы желі еді. Ата-аналар мен оқушылар да осыған келісіп,қолдау көрсетті. Оның үстіне, Білім және Ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов те күн сайын дерлік түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану керектігін ашық айтты.Міне,мұның өзі бас ұстазымыздың көрегендігін білдіреді.Көп ұзамай 4-тоқсан да басталды.6 сәуірден бері оқушыларды қашықтықтан оқытып келеміз. Мен оқушыларды қашықтықтан оқыту барысында ютуб желісінен сабаққа қатысты қосымша сілтемелерді,видеоларды,презентацияларды қолданудамын. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түспесе,кеміген жоқ.Ата-аналар тарапынан да бар қолдау жасалып жатыр. Балалар да, мен де бір-бірімізге кері байланыс орнатып,сабақты тиімді өтілуін басты назарда ұстаудамыз. Ең бастысы-деніміз сау болсын.Үйде болайық,бәрін де еңсереміз!
​​​