#Адалдық сағаты » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #Адалдық сағаты
18
май
2020

#Адалдық сағаты

Өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтар үйретуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып отырған "Адалдық сағатын" өте қызығушылықпен тамашаладық. "Парасаттылық" департаменті орынбасары Ғанижан Асанұлының адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім туралы айтқан ой-пікірлері бізге қанат бітіргендей болды. Еліміздегі 3361 мектепте құрылған адал ұрпақ ерікті мектеп клубтарының бірі Айшабибі мектебінде де адамгершілікті тұлға тәрбиелеу жолында жұмысын атқарып келеді. Ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы барысында клуб мүшелері адал еңбек пен адал ара-қатынасты өмірлік ұстаным етуді дәріптеген. Ұлы ойшылдың адалдығын, парасаттылығын бүгінгі жас бойына игеруі керек. "Абайды оқудан, оның өлеңдерін жаттаудан жалықпаған жөн"- деп көрсетеді президент Қ. Тоқаев. Демек, Абайдың әрбір шығармасында адалдық, әділдік, парасаттылық сығалап тұр. Сол адалдық Абайдың қара сөздерінде де ұштасқан. Жүргізушінің Абай болу алдымен адам болу деген тұжырымы осында көрінеді. Біздің жақсы маман болуымыз өзімізге байланысты. Адал еңбек алға жетелейді. Өзгеге емес өзімізге сеніп, адал еңбекті меңгеру бүгінгі сабақтың негізгі мақсаты болды. Менің ұйғарғаным, біліммен қаруланған, ақыл-парасаты толысқан ұрпақ тәрбиеленсе Қазақстанның келешегі жарқын бола алады. Ал, замандастар, "Адалдық сағатын" нық көтерейік!
Айшабибі орта мектебінің 11 "Б" сынып оқушысы, "Алтын белгі" иегері Бегислам Назекет