Айшабибі орта мектебінің базасында "Сұлтанмахмұт Торайғыров-өз заманының рухын көтерген ұлт жанашыры" атты аудандық ғылыми-танымдық конференция болып өтті. » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айшабибі орта мектебінің базасында "Сұлтанмахмұт Торайғыров-өз заманының рухын көтерген ұлт жанашыры" атты аудандық ғылыми-танымдық конференция болып өтті.
01
декабрь
2023

Айшабибі орта мектебінің базасында "Сұлтанмахмұт Торайғыров-өз заманының рухын көтерген ұлт жанашыры" атты аудандық ғылыми-танымдық конференция болып өтті.

Қазақ поэзиясының биігіне өрмелей шыққан ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130жыл толуына орай, Жамбыл ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Айшабибі орта мектебінің базасында "Сұлтанмахмұт Торайғыров-өз заманының рухын көтерген ұлт жанашыры" атты аудандық ғылыми-танымдық конференция болып өтті. Конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушылары Т.Ә.Мұқашев, Б.М.Мақашев, аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Сонымен қатар,
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім алған, бүгінде 'Ақиқат' журналының бас редакторы Д.Төлебаев бейнежазба арқылы үн қосып, конференцияны ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі.
📌Баяндамаға шыққан конференция қатысушылары өнері мен жігерін халқының азаттығы жолына арнаған ақын туралы қызықты мәліметтер мен деректер келтірді, Сұлтанмахмұт шығармаларын оқыту жолдарымен бөлісті. 10-сынып білім алушылары сиясы кеппеген өз туындылары мен ақын өлеңдерін мәнеріне келтіре оқыды.
✅Конференция соңында ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері, Республикаға белгілі айтыскер ақындар Н.Құрманов пен М.Мырзатайдың қатысуымен жай отындай жарқылдаған ақынға арнап қысқаша айтыс ұйымдастырылды.