05
сентябрь
2023
Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Айшабибі орта мектебінде “Үш тұғырлы тіл-заман талабы” атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті.
Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Айшабибі орта мектебінде “Үш тұғырлы тіл-заман талабы” атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Бұл іс-шараға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән бірлестіктері мүшелері мен мектеп кітапханашылары және 9,10,11 сынып білім алушылары белсене қатысты. Апталықтың мақсаты-елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру,тіл атасы- А.Байтұрсынұлы еңбектерін насихаттау.
Пән мұғалімдері үш тілде бүгінгі мереке туралы дерек бергеннен соң, апталық аясында жоспарланған істер легі таныстырылды.
Үш тілде зат атауын табу ойыны білім алушылардың қызығушылығын арттыра түсті.
Ахмет Байтұрсынұлының кітаптары, тіл туралы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерден жинақталған көрме мерекелік шараның мазмұнын аша түсті.