10
декабрь
2022
Кәсіби білім алу-болашаққа жарқын жол
Оқушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру- маңызды істердің бірі. Осы мақсатта Айшабибі орта мектебінде кәсіптік бағдар беру педагогі Аманбай Ержанның ұйымдастыруымен "Кәсіби білім алу-болашаққа жарқын жол" атты кездесу болып өтті. Аталған іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Маркетинг және кәсіптік бағдарлау департаментінің бөлім бастығы Қ.Ж.Аманжолов, бөлім мамандары А.А.Қази, Д.Қ.Тілеубаев және "Жерге орналастыру және кадастр" кафедрасының аға оқытушысы Н.С.Мыңжасаров қатысты. Университетте дайындайтын мамандықтар туралы айтып, әр оқушыға мамандықтар жазылған ақпарат парақшаларын таратты. Өңірлік университеттің артықшылығы мен білім берудегі озық үлгісін, жатақхана, бөлінген гранттар мен төлемді білім алу жөнінде айтып, мамандықты дұрыс таңдау туралы мәліметтер келтірді, бағдар берді, бейнероликтер көрсетілді. 10 "А" сынып оқушысы Әбдібек Ерасыл қонақтардың құрметіне "Алаш аманаты" күйін тарту етті. Кездесу соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.П.Еламанова келген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кәсіптік бағдарлау департаменті мамандарына үлкен алғысын білдірді.








