Дарынды балаларға – талантты ұстаз » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дарынды балаларға – талантты ұстаз
12
ноябрь
2022

Дарынды балаларға – талантты ұстаз

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің жас педагогтарына арналған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» тақырыбында облыстық педагогикалық олимпиадасы өтті.

Педагогикалық олимпиадаға облыс бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 19 жас маман қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар «Педагогикалық дебют» (өзін-өзі таныстыру) және «Мектеп құндылығы – мұғалім құндылықтары» тақырыбында TED форматта педагогикалық идеяларын қорғады.

Қатысушылардың жұмыстары Ережеге сәйкес жүргізіліп, комиссия мүшелерінің шешімімен жеңімпаздар анықталды. Сараптау жұмысының нәтижесінде аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен қатысқан 19 жас маманның 12-і жүлделі орындарға ие болды.

Олар:
І орын – Жамбыл ауданы, Айша бибі атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанұзақова Перизат Асқарқызы

Жеңімпаззымызды құттықтаймыз! Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!!!