Тіл арқылы талпынамын білімге,- деп жырлаған ақын Айшабибі орта мектебінде өтіп жатқан “Үш тұғырлы тіл-заман талабы” атты апталықтық жоспары аясындағы кездесу кешінің Қайырбек Асанов құрметті қонағы болды. » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тіл арқылы талпынамын білімге,- деп жырлаған ақын Айшабибі орта мектебінде өтіп жатқан “Үш тұғырлы тіл-заман талабы” атты апталықтық жоспары аясындағы кездесу кешінің Қайырбек Асанов құрметті қонағы болды.
06
сентябрь
2023

Тіл арқылы талпынамын білімге,- деп жырлаған ақын Айшабибі орта мектебінде өтіп жатқан “Үш тұғырлы тіл-заман талабы” атты апталықтық жоспары аясындағы кездесу кешінің Қайырбек Асанов құрметті қонағы болды.

Тіл арқылы талпынамын білімге,- деп жырлаған ақын Айшабибі орта мектебінде өтіп жатқан “Үш тұғырлы тіл-заман талабы” атты апталықтық жоспары аясындағы кездесу кешінің құрметті қонағы болды. Бұл ақын - Сыр елінің тумасы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, журналистер одағының мүшесі, Тараз қаласының құрметті азаматы - Қайырбек Асанов. Ақынмен бірге айтыскер ақын, “Ақжол” газетінің тілшісі, журналистер одағының мүшесі Есет Досалы да әдеби кештің құрметті қонағы болды. Мектеп сахнасындағы тақтадан ақын өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қайырбек ақын өз өлеңдерін оқып, өмір жолынан естеліктер айтты. “Тіл”,”Ақын”, “Отан” сөздеріне тоқталып, мағыналарына басымдық бере отырып, түсіндірді.
Жары белгілі ақын Күләш Ахметовамен біріге отырып сөзін жазған туындысын білім алушыларға тарту етті.
Мектеп өнерпаздары домбырада сүйемелдеп ән шашу арнап, жас ақындар жүрек төрінен шыққан өлеңдерін оқыды.
Кеш соңында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар сыйлы ақындарға үлкен алғыстарын білдірді.
- Бүгінде біз үшін ең үлкен белес -ұрпаққа ұлағат сыйлар қазыналы қария болып қартаю,- деген Қайырбек ақын батасын беріп, игі тілектерін білдірді.

https://www.instagram.com/reel/Cw2NagcMb8-/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==