Шынның жүзi-Шераға » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шынның жүзi-Шераға
09
сентябрь
2022

Шынның жүзi-Шераға

Cуы мен топырағы дуалы киелі Жуалы жерiнде Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған "Шынның жүзi-Шераға" атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Бұл жиынға Жамбыл облысының Түкпір-түкпiрiнен ақынның шығармаларынан шабыт алып келген 23 талапкер қатысты.Жас ақындардың өлеңдерiн бағалаған қазылар алқасының кұрамында ҚР-ның жазушылар Одағының мүшесі,ақын, сазгер Үміт Битенова және облыстық "Ақ жол' гезетiнiң мәдениет және спорт саласының меңгерушiсi, айтыскер ақын Есет Досалы болды.Әр ақынның өлеңi жiтi тексерiлiп бағаланды. Бұл жыр додасына мектебiмiздiң үмітін арқалап келген жас айтыскер ақын Алина Айдаралы да қатысты.Ақын қызымыз "Жас қаламгер" номинациясымен марапатталып,қазақтың кара домбырасын сыйға алды. Мүшәйра жоғары деңгейде өттi. Барша қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс бiлдiре отырып,толағай табыстар тiлеймiз!