20
февраль
2023
Айшабибі орта мектебі. Жас ақындардың өнерін шыңдау мақсатында ақпанның 20- сыншы жұлдызында кезекті "Жыр алыбы- Жамбылым" атты облыстық айтыс өтті.
Жас ақындардың өнерін шыңдау мақсатында ақпанның 20- сыншы жұлдызында кезекті "Жыр алыбы- Жамбылым" атты облыстық айтыс өтті. Айтыста өңіріміздің түкпір- түкпірінен жиналған 11 ақын бақ сынады. Жас дарындарға өз бағаларын берген республикамызға белгілі ақындар болды. Атап айтқанда, ақын Ербол Қамбатыров, айтыскер ақындар Есет Досалы, Дидар Апбасов сынды айтулы азаматтар жас ақындардың өнерін бағалап отырды. Айшабибі орта мектебінің 10"А" сынып білім алушысы Айдаралы Алина да бұл аламаннан табылды. Оқушымыз аламанда оза шапты,бір емес бірнеше қарсыластарын шаң қаптырып кеткен Алина "Бас жүлдегер" атанып, айтыстың бас бәйгесін алып келді. Алина Ұзынағашта өтетін жас ақындар айтысының Республикалық кезеңіне жолдама алды. Алдағы додада Алинаға сәттілік тілейміз!