02
май
2023
Көп тіл білу - бүгінгі күннің негізгі мәселесі. Көптілділікті мектеп қабырғасында қалыптастыру - білім алушының басты міндеттерінің бірі, әрі бірегейі.

Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің 10"А" сынып білім алушылары осы қағидатты назарда ұстап келеді. Олардың арасында өзге ұлт өкілдерінің де көп тіл білуге ұмтылыстары жоғары. Атап айтсам,түрік халқының ұлы Равиль Вейсал өз тілімен бірге орыс, қазақ тілінде шығармашылық жұмысты өз бетінше орындап, қазақтың сөз мәйегі болған мақал-мәтелдерді тиісті жерінде қолдана біледі. Ал, балқар ұлтының қызы Алина болса, қазақтың айтыс өнерін өзіне серік еткен. Ол бірнеше тіл туралы байқаудың жеңімпазы атанып, айтыс өнерінде ұлты қазақ айтыскер ақындарды өз өнерімен шаң қаптырып келеді. Оның қазақтың қара домбырасын тартуы да ерекше. Сонымен қатар, Алина орыс тіліне де жүйрік. Ол Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған қос тілді байқаулардан жүлделі оралған.
Жалпы, сыныптағы білім алушылардың бәрі де өз ана тілімен қоса орыс және ағылшын тілдерін менгеруге жаны құмар балалар.Сынып басшысы Шүкірбай Асылай 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ll кезеңінде ағылшын тілі пәнінен l дәрежелі дипломды жеңіп алып, Жамбыл ауданы білім бөлімі басшысының марапатына ие болды.
Қадыр атамыздың:
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-
дегеніндей 10"А" сыныбының ұл- қыздары қасиетті қазақ тілімен қоса ағылшын,орыс тілдерін үйренуге барынша ұмтылып келеді.Олардың "Тілді құрметтегені - елді құрметтегені",
болашақтарың жарқын болсын, ізденімпаз шәкіттерім менің!
Қ.К.Раймбекова,
сынып жетекшісі