04
октябрь
2021
"Ұлы дала өркениеттері" атты орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан байқаудың "Құндылық-адам жанының алтын арқауы" атты үздік бейнебаян сайысы
"Ұлы дала өркениеттері" атты орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан байқаудың "Құндылық-адам жанының алтын арқауы" атты үздік бейнебаян сайысына қатысу мақсатында Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы,Айшабибі орта мектебі ауылымыздың көнекөз қариясы Күлшат Мұсақұлованың отбасына барып қайтты.Қазыналы қариямыз "Талқан жасау" әдісін өз перзенттері мен мектеп оқушыларына үйретіп,өмір тәжірибесімен таныстырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Сабралиева, бастауыш сынып мұғалімі Ж.Жанбаева,информатика пәнінің мұғалімі Г.Отаева оқушыларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін сақтап,дамытуға өз халқының мәдениетіне,халық шығармашылығына жанашыр болуға тарту арқылы қазақтың ұлттық тағамының құндылығын үйретіп,болашақтарына нәр алғызды.