Материалы за 28.09.2022 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Материалы за 28.09.2022
Ұстаздарға мың алғыс
28
September
2022
Ұстаздарға мың алғыс
Айшабибі орта мектебінде 28.09.2022 ж  "Ұстаздарға мың алғыс" атты ардагер ұстазымыз Досмұратова Теңгегүл Қожахметқызы мен кездесу өткізілді.Кездесуге 5-9 сынып оқушылары қатысты.Шәкірттерін білім нәрімен 40 жыл сусындатып, тәлім-тәрбие беріп жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берген Теңгегүл апайымыз біз үшін әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Сондықтан ардагер ұстаздар оқушы жүрегінде ұмытылмас іс қалдырады. 
Жыр шұғыла
28
September
2022
Жыр шұғыла
Бүгін мектебімізде ұлылардың Оралхан Бөкей, Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртазаның туған күнімен тұспа-тұс "Жыр шұғыла" таңғы әдеби жиыны өз жұмысын бастады.Арайлап атқан таңмен тасала өтетін жиынның басты мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлеңді нақышына келтіріп, көпшілік алдында өзін еркін ұстап, жатқа айтып беруге дағдыландыру.Ақын жазушылардың шығармаларын жатқа айту арқылы, сол шығармаларды есту арқылы бала бойына рухани, ұлттық, адами құндылықтарды қалыптастыру.
Ұстаздар күні
28
September
2022
Ұстаздар күні
Ұстаз болу - жүректің батырлығы, Ұстаз болу - сезімнің ақындығы, Ұстаз болу - мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы! Барша мұғалімдер қауымын келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Қанаттарыңыз талмасын! Ізгі ниетпен, ағылшын тілі бірлестігі.