Материалы за 16.09.2022 » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Материалы за 16.09.2022
Қауіпсіз жол
16
September
2022
Қауіпсіз жол
"Қауiпсiз жол" атты айлық барысында оқушылардың жол-көлiк салдарынан жарақаттанудың алдын алу бойынша жоспарға сәйкес 1-4 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жолда жүру ережесi айлығының мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жолда жүру ережесін сақтауға, көшеде дұрыс жүруге, жол белгiлерiн жатқа білуге үйрену және оқушылардың автобустағы қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Ата-аналар мен оқушыларға нұсқаулықтар таратылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отбасы - бақыт мекені
16
September
2022
Отбасы - бақыт мекені
Айшабибі орта мектебінде отбасы күніне арнап " Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында жас суретшілер байқауы болып өтті. Байқауға мектебіміздің дарынды суретшілері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Суретші балалардың өз ой-қиялдарынан шыққан суреттер бақытты отбасының көрінісін бейнелей білді. Байқауға қатысушылар жүлделі орындармен мектеп жиынында марапатталды.
Менің отбасым
16
September
2022
Менің отбасым
Айшабибі орта мектебiнде отбасы күнiне орай 7-10 сыныптар арасында "Менiң отбасым" атты шығарма жазу байқауы өтті. Шығармалар тексерiлiп, iрiктелiп, байқау қорытындысы шығарылды. Үздiк шығарма жазған ойы ұшқыр, сөзге шешен, сауатты оқушылар марапатталды. Оқушылардан шығарма алудағы басты мақсат: отбасы туралы түсiнiктерiн кеңейтіп және отбасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық ұғымын бекіту. Адам баласы өмiрдi отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады.