"Ұлт қуаты-тіл" » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » "Ұлт қуаты-тіл"
12
September
2024

"Ұлт қуаты-тіл"

12.09.2024 жылы Айшабибі орта мектебінде "Тарих бірлестігі" айлығы аясында "Ұлт қуаты-тіл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, ана тілімізді қадірлеуге ықпал ету.
Дөңгелек үстел қонақтары: «М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің деканы , 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы ,бірнеше жобалардың жетекшісі, шетелдік жобалардың тағылымдамашысы, Тараз қаласы әкімінің,Жамбыл облысы әкімінің,Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің «Құрмет Грамоталарының иегері
Исабекова Гүлнұр Болатбекқызы және Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 3 монографияның, 6 оқу құралының, авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәліктердің иесі, 100-ден аса ғылыми мақаланың авторы, Облыстық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі,
Университеттің Ғылыми Кеңесінің мүшесі,
Факультет Кеңесінің мүшесі Абдыкадырова Тұрсынай Рыстайқызы. Қонақтар "Тіл" мәртебесін өз елімізде ғана емес шет елдерде де көтеріп жүргендері жөнінде және соған қатысты жазған көп деген кітаптар, бағдарламаларын мектеп кітапханасына тарту етті.
Оқушылар "Ана тілі" туралы өлеңдер оқып, кhouseтартып, жырдан шашу шашты. Көкейде жүрген сұрақтары мен ой бөлісті.
Кездесу соңында директодың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахат Пернебекқызы және әдістемелік жөніндегі орынбасары Шолпан Мұхтарқызы, "Қазақ тілі" бірлестік жетекшісі Құралай Кеңсебайқызы қонақтарға алғыстарын білдіріп, болашақ ұрпақтың ана тілде сөйлеп, тілді құрметтеу баршамыздың міндетіміз екенін атап өтті.

https://www.instagram.com/ayshabibi_orta_mektebi/reel/C_0WdmhsHSs/​​​