19
ноябрь
2020
Дұрыс тамақтану адам денсаулығының құрамдас бір бөлігі
Дұрыс тамақтану адам денсаулығының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Планетарлық масштабта өлімнің 60 % дұрыс тамақтанбаумен тура байланысты. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы планета тұрғындары денсаулығының нашарлауының 10 себебінің ең қауіптісі деп маскүнемдік, шылым шегу, холестеринемия, гипертониялық ауру, артық салмақ, аз салмақты атап көрсетеді.Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!
Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!