24
апрель
2020
#ПедагогКүнделігі #ДневникПедагога
Электронды технология-қашықтықтан оқытудың басты құралы. Бүгінде оқытудың бұл формасына да төселіп қалдық. Оқушылар да дағдыланып, әр сабақтың басталуын тағатсыздана күтіп отырады. WhatsApp желісінен ұсынған бейне жазбаларды көріп, музыканы тыңдап, өз пікірін жазып, кері байланыс жасап отырады. "Жас домбырашы" үйірме сабақтарым да өз деңгейінде өтуде, ешқандай қиындықтар туындап жатқан жоқ. Оқушылар үйренген ән, күйлерінің бейнежазбасын жіберіп, кері байланыс жасап отырады. Алғашында қашықтықтан домбыраны күйіне келтіру оңай болмағаны рас. Бүгінде оқушылар домбыраны қашықтықтан бірдей етіп күйіне келтіруді де меңгеріп алды.
Қашықтықтан оқыту әдісін меңгеруде мектеп директоры Бахыт Рақымжанқызының ұйымдастыруымен Zoom және WharsApp желілері арқылы өткізілген жиналыстары жоғары деңгейде болды. Осындай сын сәттерде балаларының білім алуына жағдай жасап, бізге қолдау көрсетіп отырған ата аналарға алғыс айтамын.
Егемен елдің ертеңі жарқын, денсаулығы мықты болғай! Тәуелсіз еліміздің денсаулығы-қоғам байлығы.
Айшабибі орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Оразбаев Қыдырбай Өмірәліұлы