23
декабрь
2023
Айшабибі орта мектебінің 7”Г” сыныбында қазақтың ақиық ақыны Кенен Әзірбаевтың “Туған жер” атты тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты: оқушыларға Кенен Әзірбаев жайлы мағлұмат бере отырып, туған жерімізді құрметтеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушыларды жігерлендіру мақсатында ақын, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтің күйі шертілді. Оқушылар “Елім -ай” халық әнін тыңдап болған соң, әнге талдау жасалды. “Ұйқасын тап” ойыны барысында берілген әннің шумақтарының жалғасын тауып, оқушылар қызығушылықпен орындап шықты.
https://www.instagram.com/reel/C1LhmwXockh/?igsh=MWFvOThkMWFlOXB6eg==
https://www.instagram.com/reel/C1LhmwXockh/?igsh=MWFvOThkMWFlOXB6eg==