31
май
2023
31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген сынып сағаты
Айшабибі орта мектебінде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, "Зобалаң жылдар жаңғырығы" атты тақырыпта 6Г сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Тәрбие сағатымыздың қонағы тарих пәнінің мұғалімі Аязбекова Сәндікүл әпкей оқушыларға Алаштың арыстары туралы көптеген мағлұматтар берді. Оқушылар тәрбие сағаты барасында ашық сұрақтар арқылы өз ойларын анық жеткізді. Сынып жетекшісі: Касымова Зейнеш Жұматайқызы