
Міне, бір жарым айды артқа тастап оқу жылының соңына да келіп жеттік. Әрине, бұл күндер ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, қоғам үшін де оңай болған жоқ. Себебі, бұрын соңды бастан кешпеген қашықтықтан оқыту бойынша жұмыс жасадық. Ата- бабаларымыздың басынан небір қиын кезең өткенде қиындыққа мойынсынбай жеңіп шыққан. Сондай-ақ біздің де басымызға қиыншылық түскен кезде бойымызға күш- жігер пайда болып, бірігіп бұл күндерді де жеңіп келеміз. Бұл жеңіске біз Президентіміздің, министеріміздің, халқымыздың, ұстаздарымыздың, ата-аналардың қалауымен, ұйымшылдығымен жетіп келеміз. Себебі, біздің мойнымызға үлкен сенім, жауапкершілік және міндет артылды. Қашықтықтан оқыту бастауыш сынып оқушыларына қиындау болғанымен, ата-аналарының көмегімен берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап отырды. Ал, жоғарғы сыныптар үшін бұл кезең әрі қиын, әрі қызықты өтті. Себебі, олар жаңа технологияны, ақпараттық құралды жетік меңгерген біздің болашақ жастарымыз. Осындай жетістіктерінің арқасында бөлім бойынша алынатын БЖБ және қорытынды ТЖБ жұмыстарына бар күш жігерін жұмсап уақтылы және жауапкершілікпен өткізіп, өз жұмыстарының нәтижесін көрсетті.
Әрине мектебіміздің басшысы Бақыт Рахымжанқызы және орынбасарларының да қосқан үлестері көп. Себебі, олар бізге бағыт бағдар беріп, жол сілтеп, ақылдарын қосып отырды. Сол кісілердің бекіткен жоспар, кестелерімен жұмысымыз алға қарай жылжып отырды. Бұның бәрі Айшабибі орта мектебі ұжымының ұйымшылдығының арқасында деп ойлаймын. "Біз біргеміз!" үндеуінің арқасында тек жақсы нәтижелерге жетіп, мектебіміздің туын жоғарыға көтере берейік!
Айшабибі орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Утепбергенова Кулзипа Сиякуловна және Бекен Айша Сабитқызы