2021 жылдың 15 қаңтарында мектебіміздің "Зере" әжелер клубы кеңесінің мүшелері А.Алиева,А.Құрманқұлова және Л.Керімқұлованың қатысуымен 8-10 сынып қыздары арасында "Үлгілі отбасының қыздары " атты жиналыс өтті. » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021 жылдың 15 қаңтарында мектебіміздің "Зере" әжелер клубы кеңесінің мүшелері А.Алиева,А.Құрманқұлова және Л.Керімқұлованың қатысуымен 8-10 сынып қыздары арасында "Үлгілі отбасының қыздары " атты жиналыс өтті.
15
январь
2021

2021 жылдың 15 қаңтарында мектебіміздің "Зере" әжелер клубы кеңесінің мүшелері А.Алиева,А.Құрманқұлова және Л.Керімқұлованың қатысуымен 8-10 сынып қыздары арасында "Үлгілі отбасының қыздары " атты жиналыс өтті.


Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Қыз баланы тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта жақсы жар,ардақты ана болары хақ.Осыған байланысты Айшабибі орта мектебінде 2021 жылдың 15 қаңтарында мектебіміздің "Зере" әжелер клубы кеңесінің мүшелері А.Алиева,А.Құрманқұлова және Л.Керімқұлованың қатысуымен 8-10 сынып қыздары арасында "Үлгілі отбасының қыздары " атты жиналыс өтті.Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Елеманова ашты.Қыз балаларға тағылымы мол көрсетілген видеороликтер  бүгінгі таңдағы өзекті мәселеге түрткі болды.Мектеп медбикесі Л.Сейтова қыз балалар гигиенасы мен ерте жүктілік,оның зардабы жайында келелі ойлы баяндама жасады.Қазақ қызының тәлім-тәрбиесі мен әдеп ережелері туралы "Зере" әжелер клубы кеңесінің мүшелері де өз ойларын ортаға салып,өздерінің  өмірлік мол тәжірибелерімен бөлісті.Жиналыс барысында 8-10 сынып қыздары мектепте оқитын қыздар қандай болуы керектігі жайында өз ойларын білдірді.Сынып жетекшілер арасынан Г.Сабралиева да қазақ қыздарының бойында ұяңдық ,сыпайылық пен мәдениеттілік болу керектігін айта келіп,"Қызға қырық үйден тыю" мәтелінің мән -мағынасы ашып көрсетті.Жиналыс барысында мектеп директоры Б.Шертаева қыз баласы ұлт болашағы екені н,қыз балалардың аналарымен ашық әңгімелесуін баса айтты.Болашағы жарқын болу үшін білімді,мәдениетті инабатты ,ибалы қыз боп өсулеріне тілек білдірді.Жиын соңында мектеп психологы Р.Мұсатаева қыздармен тренинг өткізді.
Қараңғы үйге келіп шам жақсаңыз,шам үйді жарық қылады демекші,жиналыстан әрбір қыз баласы өз жүректеріне шамның кішкене болса да жылуы мен қылауын ала кетті деп ойлаймыз