15
май
2023
15-мамыр күні “Отбасы күніне” орай өткізілген іс - шаралар
15-мамыр күні “Отбасы күніне” орай Айшабибі орта мектебінің 3-сыныптар арасында “Отбасы-тәрбие бастауы” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат
тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Оқушылар отбасы мүшелерін атай отырып,олардың әрбір үйдегі өз қосар үлесі туралы ойларымен бөлісті. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты.Отбасы мықты болу үшін қажетті сөздерді жаза отырып “Бақытты үй” макетін құрастырды.
Өздерінің отбасылары туралы айтып беріп,олардың өздері үшін қаншалықты ыстық,қажет екенін түсінді.