Жаратылыстану бағытындағы пәндер апталығы » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану бағытындағы пәндер апталығы
10
декабрь
2019

Жаратылыстану бағытындағы пәндер апталығы

2019 жылдың 14. 10.-24.10. күндері аралығында өткізілген

«Жаратылыстану пәндері» әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымдағындағы инновациялар» онкүндігінің анықтамасы

Қазіргі заман талабына орай білім беру жүйесінің алдында құндылықтарды мәдениетті қоғамдық белсенді шығармашылыққа бейімделген міндеттерді атқара алатын тұлғаларды дайындау міндеті тұр.Басты міндет-жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету.Бүгінгі білім беру сапасы-қоғамның ертеңі.

Әр баланың жеке бір ғылыға деген қабілетін ескере отырып оқыту,оны дамытудың барлық мәселерін  шешетін дайын  әрі керемет әдістеме болуы мүкін емес.  Оқушылардың  бойында   білімге деген қажеттілікті сезіну, білі алу үшін  өз бетінше іздену,жаңашылдыққа  үмтыылу   қасиеттерін  тәрбиелеу-сабақта ғана емес,сыныптан тыс, жұмыстара да жүзеге асырылуы керек.

Мақсаты : Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,оқушылардыңшығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығырмашылық, рухани адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуы қамтамасыз етіледі. Оқушының оқуға деген оң мотивациясы қалыптасады

Жаратылыстану пәні  бірлестігінде 8  мұғалім жұмыс жасайды.

Жоғары санат 2 мұғалім.Бакирбекова Р.М Еңбек өтілі 19 жыл,Маманова С.А. Еңбек өтілі 21жыл.

Бірінші санат  3 мұғалім Тілеукулова М. Еңбек өтілі -25 жыл.Аманжолова И.М.Еңбек өтілі 23жыл,Сейдакова А.С.Еңбек өтілі 17жыл,Айтекова Ж.У.Еңбек өтілі  13жыл.

Екінші санат2 мұғалім.Нұрманалиева.З.А.Еңбек өтілі 9 жыл,Даңғылова З.Б. Еңбек өтілі  13жыл

Мақсаты : Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,оқушылардыңшығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығырмашылық, рухани адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуы қамтамасыз етіледі. Оқушының оқуға деген оң мотивациясы қалыптасады. 

 14 қазанда апталықтың ашылуы  өтті.

15 қазан күні  химия пәнінен 8-10сыныптар арасында «Эксперимент жәрменкесі» атты сыныптан тыс іс-шараны  химия пәнің мұғалімдері Бакирбекова Рабиға мен  Даңғылова Зауре өткізді.Іс-шарада  оқушылар   қауіпсіз заттардан химиялық эксперимент   жасады,оқушылардың жұмысын мектеп әкімшілігі көріп,жүлделі орындарды белгледі. 

17 қазанда  география пәнінен 8 «Б» сыныбында «Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттер»   тақырыбында   Нурманалиева Зауре ашық сабақ өтті. Мұғалім өз сабағында жаңа технология элементтерін қолданды, бірақ сабақ шашыранқы өтті оқушылар берілген тапсырманы жартылай орындады.  

17 қазанда биология пәнінен 7 «б» сыныбымен «Азық-түліктегі органикалық  заттар.» тақырыбында Сейдакова Айгерім ашық сабақ өтті.   Сабақта   оқушылар  топтық жұмыс үлгілерін көрсетіп,  зертханалық жұмыс жасалып  органикалық заттар үлгілерімен   жұмыс жасады.Мұғалім өз сабағында жаңа технология элементтерін қолданды.

 17 қазанда биология пәнінен 8 «д» сыныбымен «Азық-түлік  құрамындағы  дәруменін анықтау.» тақырыбында Тілеукулова Мадина  ашық сабақ өтті. Сабақта үлестірелі карточкалар,топтық жұмыс,видео,ағылшын тілінде сөздікпен жұмыстар көрініс тапқан нәтижелі  сабақ болды.

18 қазанда Айтекова Жанар 6 «а» сыныбында география пәнінен «Мұхиттар мен материктер» тақырыбында ашық сабақ өтті.   Оқушылар топқа бөлініп ,мәтін арқылы жұмыс жасалды.Жеке,жұптық,топтық жұмыс жасалды, оқушылар деңгейне байланысты тапсыралар берілді.Сабақта АКТ қолданылды,формативті бағалау болды,уақытты үнемді пайдалана білді.Сабақ өте қызықты болып,әдістерді тиіді пайдаланды.


18 қазанда   10 сыныптар  арасында «Қызық екен» атты сыныптан тыс жұмысын  Аманжолова Индира  өтті. Екі топ арасында  географиялық   сұрақ-жауап әдісі арқылы 10 сұраққа оқушылар жауап берді. Ойын сонында 10 «а» сынып қыздары толық жауап беріп   женіске жетті.  

21 қазанда  Тілеукулова М. «Жасыл ел» атты 11 сынып оқұшыларымен сыныптан тыс жұмысын өткізді.11 сынып оқушыларымен арнайы алынған ыдыстарға көкөніс дәнектерін септі арықарай өсуін қадағалайды.

22 қазанда Аманжолова И.9 «а» сыныбында  «Минералды   ресурстар» тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақта   оқушылар  «үшінші-артық» ойыны арқылы  топқа бөлінді. «Лездеме» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұралды. Денгейлік тапсырмалар  оқушыларды қызықтырып  кескін картамен  жұмыс жасалды.Мұғалім өз сабағында жаңа технология элементтерін қолданды.


22 қазанда Бакирбекова Р.10 «б» сыныбында «Кристалл торлар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығы  көрініп тұрды ,себебі мұғалімнің  берген шығармашылық  тапсырмасын  әр топ өз ойларымен орындап шықты. Крисалл торларды әр-түрлі пішінімен жасап шықты.

23 қазанда  Даңғылова З.9 «а» сыныбында  «Катиондар мен  аниондарға сапалық реакция» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өте тартыды, қызықты өтті,әсіресе  «ка-ход» әдісі оқушылардың өтілген сабақтардан  алған білідерін  тексеруде қолайлы болды

23 қазанда  Сейдакова А.9-10 сыныптар арасында   «Зиянды заттардың алдын алу» атты «Дөңгелек үстел» жұмысын өтті. Оқушылар әр зиянды затқа ақпараттар дайындап  слайд жасады. Сол заттардың адамзатқа қаншалықты қасірет әкелетіндігі туралы ортаға салып өзара пікір таласты.Сабақ өте қызық болды

24  қазанда  Айтекова Ж.8 сыныптар арасында   «Жас географ»  атты сыныптан тыс жұмысын өтті. Екі топ арасында  қызықты географиялық сұрақтар болды,оқушылар  сабаққа атсалысып қатысты.Сондайақ кескін картамен жұмыс жасалды. Екі топ  арасында пікір таласта болды.Сабақ соныңда7 Д сынып оқушылары женімпаз  аталды.

                  Қорыта келгенде биылғы он күндік былтырғыдан ерекшелігі барлық ашық сабақ өткізген мұғалімдер , сабақтарын жаңа үлгіде, талапқа сай  өткізді. Сынып оқушылары сабақта берілген тапсырмаларды топпен орындап, қызығушылықпен жауап беріп отырды. Оқушылар постер құрастырып, шығармашылық тапсырмамен топпен жұмыс жасады. Соңғы  күні онкүндіктің жабылу кезеңінде, байқаудан, жарыстан орын алған оқушыларды марапаттап, мақтау қағаздары берілді.