28
февраль
2023
Айшабибі орта мектебінде 2023 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 11сынып оқушыларын өзін-өзі анықтау, болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде кәсіби бағдар беру бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне бару жұмысын үйлестіру жосп
Айшабибі орта мектебінде 2023 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 11сынып оқушыларын өзін-өзі анықтау, болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде кәсіби бағдар беру бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне бару жұмысын үйлестіру жоспарланған болатын. Осы мақсатта мектептің кәсіби бағдар беру педагогі Аманбай Ержанның ұйымдастыруымен 11сынып оқушылары "Ашық есік" күніне қатысты. Мектеп түлектері университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.
Университеттің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты мамандар Қазақстанның жаңа кәсіптер атласымен, еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтармен таныстырды , кәсіби бағдар беруде мектеп бітірушілеріне кеңестер айтып, мамандық таңдауға бағыт беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
https://www.instagram.com/reel/CpNATS3D9O9/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==