Ата - аналар жиналысы
Айшабибі орта мектебінде ата – аналар жиналысын мектеп директоры Шертаева Бахыт, әлеуметтік педагог Кодекова Асель, қамқоршылық кеңестің төрайымы Курманкулова Азиза өткізді. Ата – аналарға түсіндірме жұмыстары өткізілді, яғни жиналыста аз қамтылған отбасылар және көп балалы отбасылардын күн көрісі төмен болған жағдайда материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Бір оқушы балаға біржолғы жәрдемақы 32,500 мың теңгені құрайды. Ақша киім мен кеңсе заттарын сатып алуға арналған. Материалдық көмек келесі санаттағы оқушыларға беріледі: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан; Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алMayтын отбасылардан шыққан; Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға; Өзге жағдайларда – білім беру ұйымының алқалы басқару органының шешімі бойынша. Parents немесе қамқоршыларға мектепке өтініш жазып, әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген санаттағы отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылы бойы тегін ыстық тамақ беріледі. Жазда олар мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерге тегін жолдамалармен қамтамасыз етіледі.