11
May
2020
#ҮйдеҚалыңыз #БізБіргеміз!

Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше режимі аяқталды. Алайда кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантинді шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады,- деді өз мәлімдемесінде мемлекет басшысы Қасым-ЖоMarch Тоқаев.
Төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантин режимі сақталады. Менің ойымша, бізге әлі де қажет. Өйткені коронавирустық инфекцияныжұқтыру қаупі бәсеңдегенімен толық тоқтаған жоқ. Сол себепті әр Қазақстан азаматы өзінің денсаулығы және жақындарының денсаулығы үшін сақтық шараларын қатаң ұстанғаны жөн деп санаймын.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл"- дегендей Қазақстан халқы тағы да өзінің ауызбіршілігін көрсете білді. Қаншама еліміздің азаматтары әлеуметі төмен отбасыларға көмек қолын созып қолдау көрсетті. Осы орайда мемлекеттен де әлеуметтік көмек көрсетілді. Халықтың әлеуметтік жағдайы үкімет назарынан тыс қалмады.
Құрметті қазақ елі! Карантин режимін сақтау ұлтымыз саулығы мен амандығы екенін түсініп, өзіндік шектеу шаралары мен санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырамын.
Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің мұғалімі
Дүзелбаев Айдос Озғамбайұлы