Мөлдір бұлақ » Сш Аиша-биби
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Айшабибі атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Мөлдір бұлақ
07
December
2022

Мөлдір бұлақ

«Қазақстан Дәуірі» халықаралық газеті директорының бірінші орынбасары Сәуле Мешітбайқызы Айшабибі орта мектебінің білім алушыларымен және ұстаздармен кездесті. Кездесуде Сәуле Мешітбайқызымен қазіргі заман талабы, Елбасымыздың жолдауымен жүзеге асырылып жатқан рухани жаңғыру, тіл мәселесі, ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, ерекше сезімге бөленіп, көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алғандай болдық. Сондай ақ, Сәуле Мешітбайқызы білім алушыларға кез-келген жаңалықты, хабарламаларды газет-журналдардан оқуға кеңес берді. Кездесу барысында мектебіміздің білім алушысы Айдаралиева Анель өзінің белсенділігімен дараланып, Сәуле Мешітбайқызы Анельді “Мөлдір бұлақ” журналының тілшісі етіп қабылдайтынын айтты.

Кездесу соңында Сәуле Мешітбайқызы мектеп ұжымына естелік кітап сыйлады.


https://www.instagram.com/reel/Cl2pP03DA4u/?utm_source=ig_web_copy_link